Фото: ашық дереккөз
Түркияның Каппадокия аймағында екі әуе шары апатқа ұшырап, қайғылы оқиға орын алды, деп хабарлайды Ult.kz.
Апаттың салдарынан бір әуе шарының пилоты қаза тауып, 19 адам түрлі жарақат алды. Провинция губернаторы Мехмет Али Кумбузоғлу хабарлағандай, шарлардың бірі Гөзлюкөй ауылы маңында қатты қонып, ал екіншісі Ихлара жазығында құлап түскен. Түркия азаматы шар себетінен құлап, конструкцияның астында қалғандықтан, ауыр жарақат алып, көз жұмған.
Жарақат алғандардың басым бөлігі — Индонезиядан келген туристер. Олардың барлығы шұғыл түрде Ақсарай қаласындағы ауруханаға жеткізілді.
Алдын ала болжам бойынша, апатқа себеп ауа райының күрт өзгеруі мен қатты желдің әсері болған.