#
#
Сейсенбі 02/03/2021

Түркістан облысына коронавируқа қарсы вакцинаның 10 мыңға жуық дозасы жеткізілді

  • 22.02.2021
  • 0
  • 114

Короновирус инфекциясына қарсы вакциналау жұмыстары жалғасуда. Өңірге «Гам-КОВИД Вак» препаратының тағы 1300 дозасы жеткізілді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Медицина қызметкерлері коронавирусқа қарсы «Спутник V» вакцинасын екінші рет қабылдауда. Өңірде мұндай мамандандырылған мекемелердің 20 орны ашылған.

Бұдан басқа, «Гам-КОВИД Вак» вакцинасының тағы 8600 дозасын жеткізу жоспарланған. Бұл екі компонентті препарат, 21 күн аралығымен кезең-кезеңімен енгізуді қамтитын вакцинация. Екінші доза біріншісінің әсерін күшейтеді және бекітеді, адам ағзасындағы антиденелердің саны артады. Осылайша, бір адамды иммундау үшін екі рет егу қажет. Ресми мәліметтерге сәйкес, Түркістан облысында 1300 медицина қызметкері COVID-19-ға қарсы егілді.

Соңғы тәулікте коронавирус инфекциясының 4 жағдайы тіркелді. Тәулігіне өсім 0.09% құрайды. Пандемия басталғалы барлығы КВИ-дің 4244 жағдайы тіркелді, оның 2723-і симптомсыз өтті. Стационарларда 1674 адам емделді. Жұқпалы аурулар ауруханаларында барлығы 610 орын бар, олардың 516–сы бос.

1 ақпанда Қазақстанда халықты ерікті түрде кезең-кезеңмен вакцинациялау науқаны басталғаны белгілі. Вакцинаны тек ҚР кәмелетке толған азаматтары ғана ала алады. Түркістан облысында КВИ-ға қарсы вакцинация 2021 жылдың соңына дейін жалғасады және бұл халықтың 45-50%-ын қамтиды.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар