03 жел, 2024 сағат 12:55

Тұман түсіп, көктайғақ болады: Синоптиктердің бүгінгі күнге болждамы қандай?


facebook.com/kievtypical
Синоптиктер бүгінгі, яғни 3 желтоқсанға ауа айын болжайды. Болжам бойынша бүгін еліміздің кей өңірлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, - деп хабарлайды ult.kz.

Жетісу облысының солтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында тұман, көктайғақ.
Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде тұман түседі.
Астанада тұман.
Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында тұман түседі.
Түркістан облысының оңтүстігінде, солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман түседі.
Шымкентте түнде және таңертең тұман.
Абай облысының батысында, шығысында, оңтүстігінде тұман, көктайғақ.
Ұлытау облысының солтүстігінде, орталығында тұман түседі.
Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман.
Атырау облысының шығысында тұман.
Маңғыстау облысының солтүстігінде тұман түседі.
Қостанай облысының оңтүстігінде, шығысында тұман түседі.
Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ.
Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында тұман.
Солтүстік Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде тұман. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.
Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақыттарда тұман түседі.
Алматыда түнде және таңертең кей уақыттарда тұман түседі.