12 нау, 2021 сағат 07:00

Төрт облыс аумағындағы жолдарда көлік қозғалысы шектелді

Қолайсыз ауа райына байланысты бірнеше облыстағы жолдарда көлік қозғалысы шектелді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ҚР ИИДМ Telegram парақшасына сілтеме жасап.

Қолайсыз ауа райына байланысты респуликалық жолдарда көлік жүрісі шектелді. 

Ақмола облысы:

1. «Жезқазған-Петропавл» жолының 377-440 шақырымы, Қостанай облысы шекарасы – Державинск қаласы аралығында.
2. «Көкшетау-Атбасар» жолының 48-184 шақырымы, Зеренді кенті – Атбасар қаласы аралығында.

Қарағанды облысы:
1. «Жезказған-Петропавл» жолының 142-252 шақырымы, Сарлы ауылы –Қостанай облысының шекарасы аралығында.

Қостанай облысы:
1. «Жезқазған-Петропавл» жолының 252-377 шақырымы, Қарағанды облысы шекарасынан Ақмола облысы шекарасына дейінгі аралықта.
2. «Денисовка-Жітіқара-Мықтыкөл- РФ шекарасы» жолының 82-161 шақырымы, Жітіқара- РФ шекарасы аралығында. 

Павлодар облысы:
1. «Ленин кенті-Ертіс-Русская поляна ауылы» жолының 0-274 шақырымы, Ленин кенті мен РФ шекарасына дейінгі аралықта.
2. «Омбы-Майқапшағай» жолының 191-390 шақырымы, РФ шекарасы мен Мичурино ауылы аралығында.

Солтүстік Қазақстан облысы: 
Облыс аумағындағы барлық бағыттағы жолдар барлық көлік түрі үшін жабық.