Фото:egemen.kz
Ұлттық ұлан сарбаздарды жаппай ауруханаға түсті. Бұл туралы "Ұлт Ақпарат" ҚР Ұлттық ұланының "Орталық" өңірлік қолбасшылығы баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.
"2024 жылғы 18 тамызда Теміртау қаласының жұқпалы аурулар ауруханасына 36 әскери қызметші жатқызылды. Оның ішінде 31 әскери қызметші алдын ала қойылған ішек инфекциясы диагнозымен және 5 әскери қызметші жіті респираторлық вирустық инфекциялар диагнозымен жатқызылған. Қажетті эпидемияға қарсы іс-шаралар өткізілді", — делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта науқастардың жағдайы қанағаттанарлық. Бүгінде ошақ локализацияланған, жаңа өтініштер тіркелген жоқ. Осы факті бойынша қызметтік тергеу жүргізіліп жатыр.