20 мам, 2024 сағат 18:53

«Тегі танымал болды». Бишімбаевтың балалары тегін ауыстырмақ


Фото: © Tengrinews.kz 2024. Турар Казангапов / Әлеуметтік желі


Әйелін аса қатыгездікпен өлтіргені үшін 24 жылға сотталған экс-министр Қуандық Бишімбаевтың екінші некесінен туған балалары тегін ауыстырмақ. Бұл туралы оның бұрынғы әйелі Назым Қаһарман әлеуметтік желідегі парақшасында айтты, - деп хабарлайды «Ұлт ақпарат» Massaget.kz-ке сілтеме жасап.


Назым Қаһарман балалары әкесінің жағдайын қабылдағанын айтады.


"Мен өзін-өзі жақсы көруді үйретемін. Әке, әрине, мәңгілікке әке болып қала береді, одан ең жақсысын алады, өмірі үшін алғыс айтады да әкесінің адам өлтіргенін, өз өмірін құртып, балаларын осындай жағдайға түсіргенін қабылдайды. Ашуланады, қайғырады, жылайды және жіберуге тырысады. Әкесінің өз жолы бар, ал балалар әкесі үшін жауап бермейді, олар оны тәрбиелемеді, бұл өмірге әкелген жоқ. Оны қолдауға және сүюге міндетті емес. Бұл біз, ата-аналар, балалар алдында жауаптымыз", - деп жауап берді ол.


Сондай-ақ, ол балалары тегін өзгерткісі келетінін жазды.


"Әрине, қалайды. Тегі танымал болды. Бишімбай-атаның өзі жақсы адам болған, бірақ, өкінішке қарай, Қуандық арғы атасының есімі мен естеліктерін масқаралап, қорлады", - деп жазды ол.