24 сәу, 2024 сағат 09:10

Тәжікстан жөнелткен гуманитарлық көмек Ақтөбеге жеткізілді


Фото: Ақтөбе облысы әкімдігінің баспасөз қызметі


Ақтөбеге Тәжікстан Республикасы жөнелткен гуманитарлық көмек келді. Көрші мемлекет әртүрлі құрылыс материалдары бар бірнеше вагон жіберген, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.


Тәжікстан үкіметі табиғи апаттан зардап шеккен еліміздің тоғыз облысына 50 вагон гуманитарлық көмек жеткізді. Жүктің жалпы салмағы – 2 518 тонна.


"Ақтөбе облысына 9 вагон бөлінді, оның ішінде 27 360 литр ауыз суы, 5400 дана асбест-цемент шифері, 60 тонна шеге, 70 тонна ағаш материал, 240 тонна цемент бар", - деп жазылған хабарламада.


Бұл көмек су тасқыны салдарынан зардап шеккен отбасыларға қолдау ретінде бағытталып отыр.


Айта кетері, гуманитарлық көмекті қабылдау мен түсіруге әскери қызметшілер жұмылдырылды.