30 нау, 2021 сағат 08:12

Таразда әскери бөлімнен қашып кеткен сарбаз табылды

Таразда әскери бөлімнен қашып кетіп, 4 күннен бері іздестіріліп жатқан сарбаз табылды. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ведомствоның баспасөз қызметі Таразда әскери бөлімнен қашып кеткен сарбаздың табылғанын мәлім етті. Оқиғаның мән-жайы толығырақ кейін хабарланады. 

Еске сала кетсек, Таразда мерзімді қызметтегі сарбаз әскери бөлімнен қашып кеткен. Түнгі кезекшілік кезінде жоғалып кеткен 19 жастағы жігітті 4 күннен бері іздеген. 

Әскерилердің айтуынша, Нұрасыл Арысбаев түнгі сағат үш шамасында әскери бөлімнен ешкімге ескертпестен кетіп қалған. Жанындағы серігі де байқамаған. Сарбаз әлі 6 ай әскери борышын өтеуі керек. Нұрасылдың кетіп қалғанына әскерилер таңғалып отыр. Олардың айтуынша, сарбаз басқалармен қарым-қатынасы жақсы, сабырлы. 

Жауаптылар оның қолында қару жоқ екенін мәлімдеді.