14 қыр, 2021 сағат 17:46

Танкистер күні


7 қыркүйек - қыркүйектің екінші жексенбісінде кәсіби әскерилер мен - Танкистер күні мерекесі аталып өтеді. Осы күні республикамыздағы барлық танк бөлімшелерінде мерекелік шаралар жүзеге асырылады. Жуырда Ресей Федерациясының Алабино поселкесіндегі «Танк биатлоны» үшінші орынды иемденіп жеңіспен оралды.

Бұл табыс әскери қызметшілерімздің кәсібилігінің артқандығын және Құрлық әскерлерінде жауынгерлік дайындықтың жүйелі жүргізіліп отырғандығын көрсетеді. Құрлық әскерлерінің ең үздік танкистерінің құрметіне Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Құрлық әскерлері бас қолбасшысының басқармасында жеңімпаздарды ұлықтау рәсімі өткізілді. Танкист-жауынгерлердің жоғары жетістіктері мен шеберліктерін жоғары бағалаған ҚР ҚК Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы әскери қызметшілерді құрмет грамоталарымен және бағалы сыйлықтармен марапаттады.

Приазерск горнизонының баспасөз хатшысы

Думан Құрманғалиев