15 желтоқсан, Талғарда жаңа әкім сайлауы өткізілуде. Бұл шешім Алматы облысы Талғар ауданының аумақтық сайлау комиссиясымен қабылданып, ресми түрде жарияланды, деп хабарлайды ult.kz.
фото:inform.kz
Бұған дейін Талғардың әкімі Бақыт Күрішбеков пен оның орынбасары Сағындық Матан өз міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін қызметтерінен босатылған болатын. Шерзат Полаттың ісі бойынша босатылған әкімнің орнына жаңа әкім сайланбақ.
Бұл жағдай қалада басқару жүйесіне қатысты сындарды туғызды, ал енді жаңа әкімнің сайлануы Талғардың әлеуметтік-экономикалық дамуына әсер етіп, жаңа бастамаларға жол ашатыны анық. Талғар ауданындағы сайлауда үш кондидат таласқа түсті.
Арыстанбек Әбілқайырұлы 1983 жылы туған. Amanat партиясы ұсынған. «Талғар тұрғын үй» ЖШС-ның басшысы.
Жәнібек Жанболатұлы Қаденов 1991 жылы туған. Қазақстан халық партиясы (ҚХП) ұсынған. Талғар ауданы әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесі қаржы-шаруашылық бөлімінің бас маманы болып жұмыс істейді.
Әлібек Ғайсаұлы Рамазанов 1982 жылы дүниеге келген. Өзін-өзі ұсынған. Бесағаш ауылдық округі әкімінің аппараты ММ әкімінің орынбасары қызметін атқарады.