12 сәу, 2024 сағат 22:19

Су тасқыны: Құтқарушыларға Тоқаев күзетінің сарбаздары көмекке келді


Фото: ТЖМ баспасөз қызметі


Құтқарушыларға су тасқынымен күресуге көмектесу үшін Мемлекеттік күзет қызметінің (МКҚ) қызметкерлері келді, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.


«Қазақстан Республикасының Азаматтық қорғанысының қызметкерлері су тасқынының зардаптарын жоюда құтқарушыларға көмектесуде. Осы сәттерде Ақмола облысының Жібек жолы ауылында Қазақстан Республикасы Азаматтық қорғаныс күштерінің бір тобы шұғыл құтқару жұмыстарын жүргізуде. МКҚ қызметкерлері елді мекен маңындағы бөгет жағасын нығайтып, су тасқынынан зардап шеккен жергілікті тұрғындарға медициналық көмек көрсетуде», - делінген жұма күнгі хабарламада.


МКҚ президентке тікелей бағынатын және есеп беретін, ұлттық қауіпсіздік органдарына жататын, президенттің, сондай-ақ басқа да күзетілетін адамдар мен объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша заңнамада белгіленген құзыреті шегінде қауіпсіздік шараларын жүзеге асыратын арнаулы мемлекеттік орган болып табылады.