#
#
Жексенбі 18/04/2021

Спортшылар, этномәдени бірлестік өкілдері қазақстандықтарды Алғыс айту күнімен құттықтады

  • 01.03.2021
  • 0
  • 317

Алматылық спортшылар, этномәдени бірлестік және бизнес өкілдері қазақстандықтарды Алғыс айту мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Тұрғындарды құттықтаған бейнетүсірілім Алматыдағы Бостандық аудандық әкімдігінің Instagram парақшасында жарияланды. Онда әр ұлттың өкілдері лебіздерін білдірген. 

«Өткен ғасырдың 30-шы жылдары Батыс Украинадан жер аударылып келген поляк аталары мен апалары осы Қазақстанда өздеріне пана тапқан. Қазақ ағайын қанатының астына алған. Сол жасаған жақсылықтары үшін барлық қазақстандыққа алғысымды білдіремін. Жер аударып келген поляктарды бауырларына басып, жаңа Отан, жаңа ел, жаңа жерді сыйлағандары үшін», - деді «Вензы» поляк мәдени орталығының өкілі. 

Бүгінгі мерекеде халықаралық және республикалық жарыстардың бірнеше дүркін жеңімпазы Нарман Құрбанов халқына, ұстаздарға, жаттықтырушыларға алғысын білдірді. Бостандық аудандық әкімдігі алғыс айту күнін-бейбітшілік пен келесім, сыйластық пен құрмет күні деп атады. 

«Денсаулық сақтау саласына, індеттің жайылып кетуіне тосқауыл қойған әрбір жанға алғыс білдіремін. Сіздерге мың алғыс! Барлығыңызға денсаулық, амандық, отбасыларыңызға бақыт тілеймін», - қодеді әкімдік мамандары. Бұған дейін Бақытжан Сағынтаев қалалықтар атынан дәрігерлерге, мұғалімдерге, полиция мамандары мен еріктілерге алғысын білдірген болатын.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар