Фото: Pexels.com
Жүргізілген талдаулар соңғы 3 жылда балалар мүгедектігінің 11,4%-ға өсуін көрсетіп отыр. Бұл туралы бүгінгі Үкімет отырысында айтылды.
Қазақстанда мүгедектігі бар 732 мың адам тұрады, бұл халықтың жалпы санының 3,6%-ын құрайды. Оның ішінде 57%-ы еңбекке қабілетті жастағы адамдар, 27%-ы зейнеткерлік жаста және 15%-ы балалар.
Балалар мүгедектігі бойынша жүйке жүйесінің аурулары (26,6%), туа біткен ақаулар (25,1%) және психикалық бұзылулар (22,4%) жиі кездеседі.