
Солтүстік Қазақстан облысында коронавирусқа қарсы вакциналау науқаны жүріп жатыр. Бұған дейін негізінен медициналық қызметкерлер екпе алса, қазір олардың қатарына тәртіп сақшылары, мұғалімдер және мемлекеттік қызметшілер қосылды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
СҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті өңірдегі коронавирус бойынша ахуалға тоқталып, брифинг өткізді.
Бүгінде облыста КВИ жұқтырғандар саны 12 641 адамға жеткен. Десек те, жағдай тұрақталған. Қазір өңірде қауіпті инфекцияны жұқтырудың жаңа деректері тәулігіне 20-ға жетпейді.
21 ақпаннан бастап СҚО «жасыл аймақта». Осыған байланысты карантиндік шектеу шаралары жеңілдетіліп жатыр.
«Коронавируспен күресте вакцинацияның маңызы зор. Осы уақытқа дейін вакцинаның бірінші компонентімен 2030 адам егілді. Олардың 1580-і медициналық қызметкерлер, 193-і педагогтар, 257-сі тәртіп сақшылары және 2-уі мемлекеттік қызметші болса, 3-уі басқа сала мамандары. Ал вакцинацияны 1178 адам толық алды. Олардың барлығы – медициналық қызметкерлер», - дейді СҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Татьяна Горлова.
