24 ақп, 2021 сағат 13:00

СҚО және Ақмола облыстарындағы автожол учаскесінде көлік қозғалысы шектелді

Қазақстанның екі облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты жол учаскелерінде көлік қозғалысы шектелді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ҚР ИИДМ Телеграм каналына сілтеме жасап.

Солтүстік Қазақстан облысында 2021.02.24 күні сағат 15.15-те ауа райының нашарлауына байланысты (боран, жолдың көрінбеуі) «Нұр-Сұлтан-Петропавл» автожолының 341-473 шақырымында автокөліктің барлық түрлері үшін қозғалыс шектелді. 

Ақмола облысында 2021.02.24 күні сағат 15.15-те ауа райының нашарлауына байланысты (боран, жолдың көрінбеуі) «Нұр-Сұлтан-Петропавл» автожолының 304-341 шақырымында барлық автокөлік түрлерінің қозғалысына шектеу енгізілді.