#
#
Жексенбі 18/04/2021

СҚО-да еліктер аштан өліп жатқан жоқ – инспекция

  • 08.04.2021
  • 0
  • 201

Солтүстік Қазақстан облысында еліктердің өлуіне қатысты әлеуметтік желіде тараған бейнежазбаларға қатысты орман шаруашылығы және жануарлар әлемі аумақтық инспекциясының өкілдері түсінік берді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Бірер күннен бері әлеуметтік желіде орманда, жол жиегінде өліп жатқан еліктердің бейнежазбасы тарап жатыр. Авторларының айтуынша, жабайы жануарлар биыл қардың қалың түсуінен оттай алмай, жаппай қырылып жатқан көрінеді. 

Осы жағдайға қатысты СҚО орман шаруашылығы және жануарлар әлемі аумақтық инспекциясының бөлім бастығы Олег Беспалов түсінік берді. Маманның айтуынша, жаппай қырылып жатыр деу – асыра айтқандық. 

«Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбалардан кейін қазір көптеген ақпарат құралдарында СҚО-да еліктер жаппай қырылып жатыр деп беріліп жатыр. Бұл дұрыс емес. Еліктердің өлгені рас. Ол туралы білеміз. Әр факті бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Жалпы облыс аумағында ақпан-наурыз айларында он шақты елік қырылды. Олардың өлу себептері әртүрлі. Кейбірі азық іздеп жолға шығып, көлік астына түсіп өледі. Қаңғыған иттерге жем болады», - дейді Олег Беспалов. 

Елік өңірдің бүкіл аумағында кездеседі, кең таралған жабайы аң. Былтырғы санақ бойынша қазір облыста саны 18 мыңнан асады. 

«Елік жабайы ортада өмір сүретіндіктен еркін жайылады. Жолға шығып кетуі қалыпты жағдай. 

Кеше ғана аудандарға шықтым. Кей жерлерде қар кетіп қалған. Еліктерге жайылуға мүмкіндік бар. Сол себепті аштан өледі, жаппай қырылады деу дұрыс емес», - дейді СҚО орман шаруашылығы және жануарлар әлемі аумақтық инспекциясының бөлім бастығы.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар