18 жел, 2024 сағат 11:24

Синоптиктер болжамы: Алматы мен Өскемен тұрғындарына ескерту жасады


Фото: basnews.kz


Қазгидромет синоптиктері Алматы мен Өскемен тұрғындарына ескерту жасады, - деп хабарлайды Ult.kz.


"2024 жылғы 18 желтоқсанда Өскемен және Алматы қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты ауаның ластануы күтіледі. Бұл қалаларда ауа райы атмосферада ластаушы заттардың жиналуына ықпал етеді", - делінген хабарламада.


Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқа мерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.