08 сәу, 2025 сағат 10:33

Шымкентте салмағы 7 келіге жуық алып сәби дүниеге келді

Фото: Pexels.com

Шымкентте 41 жастағы ана 6700 грамм салмақтағы сәбиді өмірге әкелді, деп хабарлайды Ult.kz.

«Бұл – елімізде сирек кездесетін жағдай. Қазіргі таңда ананың да, баланың да жағдайы жақсы», - делінген Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының ақпаратында. 


Айта кетейік, Шымкентте жыл басынан бері 6719 сәби дүниеге келген. Оның ішінде 3271 қыз бала, 3448 ұл бала.