15 ақп, 2021 сағат 12:23

Шығыс Қазақстанда осы аптаның соңына дейін қар көшкіні қаупі бар

Шығыс Қазақстан облысында 15-21 ақпан аралығында қар көшкіні жүруі мүмкін, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Қазселденқорғау» мекемесінің мәліметіне сүйенсек, өңірдегі құбылмалы ауа райы мен желдің күшеюіне байланысты осы аптаның соңына дейін қар көшкіні жүруі мүмкін. 

Әсіресе таулы аймақтарда көшкін жүру қаупі жоғары. 

«Сондықтан өңір тұрғындарына 15-21 ақпан аралығында таулы жерлерге бармауға кеңес береміз. Сондай алыс сапарға шығар алдында жолдардың жай-күйін «Дәрмен» мобильді қосымшасы арқылы тексеріп отырған жөн» делінген хабарламада.