01 нау, 2021 сағат 05:06

Шығыс Қазақстанда бірқатар жол бөліктері жабылды

Күннің бұзылуына байланысты Шығыс Қазақстан облысының бірқатар бөлігінде автокөлік қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Telegram арнасына сілтеме жасап.

1 наурыз, сағат 04.50-ден бастап ауа райының бұзылуына байланысты «Өскемен-Алтай-Қатон-Қарағай-Рахман шоқысы» автожолының 7-166 шақырымында, Ушановское ауылы-Алтай қаласы аумағында автокөліктің барлық түрі үшін қозғалыс шектелді. 

Сағат 5.00-ден бастап боран тұрып, жол көрінісі қиындағандықтан «Өскемен-Шемонаиха-РФ шекарасы» тасжолының 36-102 шақырымында, Предгорное ауылы-Шемонаиха қаласы аумағы мен «Өскемен-Риддер-РФ шекарасы» тасжолының 15-105 шақырымында, Белоусовка ауылы-Риддер қаласы аумағында жүк көлігі мен қоғамдық көліктің жүруіне тыйым салынды. 

Сағат 07.20-дан бастап «Өскемен-Шемонаиха-РФ шекарасы» автожолының 36-102 шақырымында, Предгорное ауылы-Шемонаиха қаласы мен «Өскемен-Риддер-РФ шекарасы» тасжолының 15-105 шақырымы, Белоусовка ауылы-Риддер қаласы аумағында автокөліктің барлық түрі үшін қозғалыс шектелді.