25 ақп, 2021 сағат 17:10

ШҚО-да жолда қалған қарағандылық жүргізушіге көмек көрсетілді

Шығыс Қазақстан облысының полицейлері жолда қалған қарағандылық жүргізушіге көмекке келді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, «Өскемен-Риддер» тасжолының 97-шақырымында жүк көлігі қар құрсауында қалған. Осы учаске маңында тәртіп сақшылары Қуаныш Маушанов пен Сырым Алтайұлы патрульдеп жүрген. Олар бірден көмекке келді. 

«Полицейлер Қарағанды қаласының тұрғынына көмек көрсетіп, жолды қардан тазалайтын мекеме жұмысшыларын шақырды. Көп ұзамай жүк көлігі қардан шығарылған. Өз кезегінде жүргізушісі полицейлерге өз алғысын білдірді», - делінген хабарламада.