10 сәу, 2021 сағат 07:41

ШҚО-да жоғалып кеткен 2 жасар баланың денесі табылды

Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласында жоғалып кеткен баланың денесі табылды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, полицияға хабарласқан әйел 2 жасар ұлы Арсен Киселевтің жұма күні күндіз әдеттегідей аулаға ойнауға шыққанын, бірақ кейін оны таппай қалғанын жеткізді.

Полицейлер Арсенийдің аға-әпкелерімен және көрші балалармен бірге ойнап жүргенін анықтаған. Алайда кейін араға уақыт салып, ол жоғалып кеткен.

«Іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін Өскеменнен Полиция департаментінің және Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері мен кинологтар көмекке келді. Полиция қызметкерлері бала өзенге жақындап, суға түсіп кетуі мүмкін деген болжам жасаған. Бұған су жағасындағы іздер дәлел болды. Біраз уақыттан соң баланың мәйіті ықтимал құлау орнынан 1 шақырым қашықтықтан табылды», - деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мәдиев.