#
#
Жексенбі 11/04/2021

ШҚО-да коронавирусқа қарсы вакцина егудің екінші кезеңі басталды

  • 05.03.2021
  • 0
  • 516

Шығыс Қазақстан облысы COVID-19 инфекциясына қарсы вакцина егудің екінші кезеңі басталды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Вакцинацияның екінші кезеңін жүргізу үшін ресейлік «Спутник V» препаратының 6700 дозасы жеткізілген. Бірінші кезеңде коронавирусқа қарсы күреске тікелей қатысатын 1300 медицина қызметкері вакцинацияланған болатын. Осыдан кейін, 22 ақпанда дәрігерлер ревакцинациядан өтті.

Бүгін облыста коронавирусқа қарсы вакцинациялаудың екінші кезеңі басталды. Енді пандемиямен күресте алдыңғы қатарда болмаған басқа дәрігерлер вакцина алады. Сондай-ақ наурыз айының соңына дейін мұғалімдер мен полицейлерге екпе егіледі.

«Әрбір емханада вакцинациялау үшін жеке кабинет жабдықталған. Онда дәрігер, вакцина салатын және тіркеуші медбикелер бар. Сонымен қатар жеке кабинет те қарастырылған. Ол жерде вакцина алғандар 30 минут бойы бақылауда болады», – деп хабарлады ШҚО Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

 

Вакцинаның бірінші компонентін алғандар тізімінде облыстық қан орталығының сапаны бақылау бөлімінің зертхана маманы Светлана Павлицкая бар. 

«Вакцина түрлі аурулармен күресудің ең негізгі әдісі. Бізге ұжымдық иммунитетті дамыту қажет. Ұлым қазір басқа елде, оны бір жылдан астам уақыт көрмедім. Халық әр түрлі шектеулерден шаршап, қарапайым өмірге тезірек оралғысы келеді. Осы ретте, тұрғындарға коронавирусқа қарсы вакцинациядан қорқудың қажеті жоқ деп айтқым келеді», – деді ол.

Вакцинацияның басталуына қарамастан, мамандар сақтық шараларын, ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің талаптарын сақтауға шақырады. Өйткені, вакцинация қауіпті дертпен күресудің бір жолы ғана.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться
БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар