10 қыр, 2020 сағат 12:44

Шетелдегі бітімгерлік миссияға жас сарбаздар алына ма?

ҚР Қарулы Күштері Бас штабы Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаментінің бастығы Сәкен Жүсіпов бітімгерлік миссиясына қатысатын қызметкердің әскери салада кем дегенде 3 жылдық тәжірибесі болуы керектігін мәлім етті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Қазақстан Республикасының әскери қызметшілерінің бітімгерлік бөлімшелерге алынуы ерікті түрде жүргізіледі. Ондай әскери қызметші Қорғаныс министрлігінің тиісті дайындығынан өтуі керек. Бітімгерлік миссиясына тек келісімшарт бойынша әскерде жүргендер алынады. Яғни оның әскери салада жүргеніне кем дегенде 3 жыл болуы қажет. Осылайша, мерзімді әскери қызметке шақырылған сарбаздар бітімгерлік миссиясына қатыспайды», - деді Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Сәкен Жүсіпов.