29 қаң, 2025 сағат 14:17

Шерзат Болаттың ісі: 117 жауап алынып, 39 рет беттесу өткен

Фото: instagram/justice_for_sherzat

Бас прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев Мәжіліс кулуарында Шерзат Болаттың ісі бойынша іс материалдары қай сатыға жеткенін мәлімдеді, деп хабарлайды Ult.kz.

"Қазіргі таңда тергеу аяқталып, тараптар іс материалдарымен танысып жатыр. Заң бойынша танысу уақыты қандай да бір мерзіммен шектелмейді. Бір айта кететіні, қылмыстық іс бойынша 39 сараптама тағайындалды, зардап шеккендер мен ұсталғандардан 117 рет жауап алынды, 90 дикс қаралып, 36 рет беттесу өткізілді. Бұл – қыруар жұмыс және осы материалдардың бәрін талдауға уақыт қажет", - деді Ғалымжан Қойгелдиев.