16 қар, 2024 сағат 18:38

Шерзат Болаттың ісі бойынша ұсталғандардың жақындары мәлімдеме жасады

Талғарда 16 жастағы Шерзат Болаттың өліміне қатысты іс бойынша ұсталғандардың туыстары алғаш рет мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды ult.kz Tengrinews.kzке сілтеме жасап.

фото ашық интернет желісінен алынды.


Желіде ұсталғандардың туыстары жасаған үндеудің бейнесі тарады.

Күдіктілердің жақындары видеода "балалардың кінәсі үшін" кешірім сұрады. Бірақ сонымен бірге марқұмның ағасы мен әкесін де жауапқа тартуды талап етіп отыр.


"Халықтан кешірім сұраймыз. Балаларымыз кінәлі, бірақ Нұрқанат (ағасы) мен Қаржаубай (әкесі) де жауапқа тартылуы керек. Сотта екі жақтың да әділ қаралуын сұраймыз. Бір жақты ғана кінәлауға болмайды. Мылтықты көлігінен Нұрқанат (ағасы) алып шықты. Жігіттерге қарай оқ жаудырды. Біреуінің жағын сындырды. Өздері мылтық пен пышақ алып шықты. Содан жігіттер көтеріліп кетті. Балаларымыз үшін кешірім сұраймыз. Біздікі дұрыс емес. Бірақ арандатпаса, бәрі тыныш үйлеріне қайтар еді", – дейді ұсталғандардың туыстары.