25 ақп, 2025 сағат 11:19

Шекарадан 47 300 АҚШ долларын алып өтпек болған тұрғын жарты ақшасынан айырылып қалды

Фото: Kursiv.kz

Қытайдан көлік сатып аламын деп "Нұр жолы" өткізу бекетінде 47 300 АҚШ долларын өзімен бірге алып өтпек болған Жетісу облысының тұрғыны кедендік тексеру кезінде қолға түсті, деп хабарлайды Ult.kz.

Қазақстан заңнамасына сәйкес, азаматтар 10 000 АҚШ долларынан аспайтын соманы ғана жазбаша декларациясыз алып жүре алады.

Панфилов аудандық соты азаматтың соманың бір бөлігі достарына тиесілі деген түсініктемесін дәлелсіз деп танып, оның кінәсін растайтын материалдар мен бейнематериалдарға сүйенді.

Соттың шешімі бойынша:

  • 37 300 АҚШ доллары мемлекет пайдасына тәркіленді;
  • Құқық бұзушыға 4,5 млн теңге айыппұл салынды.
  • 10 000 АҚШ доллары иесіне қайтарылды.

Сот куәлардың айғақтарын сыни түрде қарады, себебі олардың мақсаты құқық бұзушыны жауапкершіліктен босату болған.

Қаулы әлі заңды күшіне енген жоқ.