21 шіл, 2020 сағат 11:48

Шекарада ұсталған дәрі-дәрмек Жамбыл облысының денсаулық сақтау басқармасына берілді

19 млн теңгенің дәрілік препараттары Жамбыл облысының денсаулық сақтау басқармасына тапсырылды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Қаржы мониторингі комитетіне сілтеме жасап.

Жамбыл облысы бойынша экономикалық тергеу департаменті облыстың шекара қызметкерлерімен бірлесіп, Қордай ауданының «Қарасу» шекара бекетінде құжатсыз дәрі-дәрмек тасымалдаған жүк көлігін ұстады. 

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 214-бабы 1-бөліміне сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталды. 

Көліктің жүксалғышынан құны 19 млн теңгеден асатын препараттардың 20-ға жуық түрі табылып, тәркіленді. 

Қазіргі таңда барлық тауар тәркіленіп, алынған дәрілік заттар Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасына тапсырылды.