#
#
Жексенбі 11/04/2021

Шахтада топырақ үйіндісінің астында қалған екі жұмысшы құтқарылды

  • 04.03.2021
  • 0
  • 295

Ақмола облысында шахтада топырақ үйіндісінің астында қалған екі жұмысшы құтқарылды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, оқиға ақпанның 04-де Астрахан ауданындағы «Айна – ресурс» ЖШС шахтасында орын алған. Бұл туралы сағат 03:02 Астраханка ауылының 19-ӨСБ байланыс пунктіне Ақбейіт ауылында төтенше жағдайға тап болған адамдарды құтқару және эвакуациялау үшін көмек қажет екендігі туралы хабар түсті. 

«Құтқарушылар «ТРЭКОЛ ВЕГА» жол талғамайтын көлігімен шақыру орнына жіберілді. 1991 және 1990 жылғы екі ер адам 100 метр тереңдікте ауыр халде болды, оларды шахтадан басқа кеншілер алып шықты және құтқарушылар келгенге дейін алғашқы медициналық көмек көрсетті. Метеорологиялық жағдайдың нашарлығына байланысты жедел жәрдем көлігі зардап шеккендерге жете алмады. Құтқарушылар төтенше жағдай орнына дәрігерлермен бірге шығып, зардап шеккендерді ауруханаға эвакуациялады», - деді Астрахан ауданының ТЖБ бастығы Аят Сералиев.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться
БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар