27 ақп, 2025 сағат 12:33

Семейде оқушыны ұрып-соғу оқиғасынан кейін мектеп директоры қызметінен босатылды

Фото: видеодан кадр

Тәрбие жұмыстарына салғырт қарағаны үшін «Жас Ұлан» ерлер лицейінің директоры сөгіс алды.  Ал төбелесті ұйымдастырған оқушылар оқыған мектептің директоры қызметінен кетті, деп хабарлайды Ult.kz.

Оқушылар арнайы мектепке жіберіліп, үш ата-ана құқығынан айырылуы мүмкін. Қазір іс сотта қаралуда.

Еске салайық, Семейде 6 сынып оқушысын бір топ бала аяусыз соққыға жығып, қорлаған болатын. Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева оқиғаға пікір білдірді.