
Семей қаласында автобус пен жүк көлігі соқтығысып, 11 адам зардап шекті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жол-көлік оқиғасы 12 наурыз күні сағат 8:45-те Глинка көшесінде болған.
«Қоғамдық көліктің 51 жастағы жүргізушісі Цемент зауыты тұсынан қалаға қарай келе жатқанда 44 жастағы ер адам тізгіндеген КамАЗ-бен соқтығысты. Жол апаты салдарынан автобустағы әртүрлі дене жарақаттарын алған 11 жолаушы дәрігерлердің көмегіне жүгінген», - деп хабарлады ведомство өкілдері.
Қазіргі уақытта аталған факті бойынша сот-медициналық сараптамалар тағайындалды. Соның нәтижелеріне сәйкес процессуалдық шешім қабылданады.
