26 ақп, 2021 сағат 17:07

Семейде 142 жыл бұрын салынған ғимараттағы өрт 17 сағаттан кейін сөндірілді

Семей қаласында өрт сөндірушілер 1879 жылғы ғимаратта шыққан жалынды 17 сағаттан кейін толықтай ауыздықтады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 26 ақпанда сағат 00.46-да Абай даңғылының бойында орналасқан ЖШС-ның екіқабатты ғимаратында өрт шыққан. Өрт сөндірушілер оқиға орнына жедел келіп жетті. Ағаштан салынған 1879 жылғы ғимараттың қабырғаларын, еденін, жиһаздарды және жеке заттарды жалын шарпыған. 

«Тілсіз жау сағат 17.19-да толықтай ауыздықталды. Өртті сөндіруге 55 адам мен 19 техника жұмылдырылған. Қызыл жалынның жалпы аумағы 600 шаршы метрді құрады», - делінген хабарламада. 

Алдын ала мәлімет бойынша өрттің шығуына – электр жабдықтарын монтаждау және пайдалану кезінде қауіпсіздік талаптарын сақтамау себеп болуы мүмкін.