24 ақп, 2021 сағат 23:25

Сарыағаш тұрғыны карантин кезінде 200 адамды жинап, қыз ұзату тойын жасаған

Түркістан облысы Сарыағаш ауданында жергілікті тұрғын 200-ге жуық адамды жинап қыз ұзату тойын жасаған, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Карантин талаптарын бұзып, отбасылық жиын ұйымдастырушыны полицейлер анықтаған. 

Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, жергілікті тойханалардың бірінде қыз ұзату тойы өтіп жатқаны туралы хабарлама полицияға келіп түскен. 

Осы хабарды алысымен тәртіп сақшылары мобильді топпен бірге тез арада көрсетілген мекенжайға жетіп, тексеру жұмысын жүргізген. 

Нәтижесінде тойханаға 200-ге жуық адам жиналып, той өтіп жатқаны белгілі болған. 

Полицейлерден құрылған мобильді топ тойды тоқтатып, қонақтарды тарқатқан. 

Той иесіне ҚР ӘҚБтК 425-бабы бойынша хаттама толтырылып, СЭББ-ға жолданған.