29 нау, 2024 сағат 16:19

Салтанат Нүкенова өлтірілген күні не болған?


Өлтірілген Салтанат Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелді қарындасы өлітірілген күні қандай жағдайлар болғанын айтып берді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Оқиға былтырғы 9 қарашада болған. 

"Күн бойында телефонды тексеріп, ол (қарындасы) жауап береді деп күттім. Кешкі 8-9-дарда Салтанаттың құрбысы телефон соқты. Дауысы дірілдеп тұрды, Бишімбаев 9 қарашада Салтанатты "Бау" мейрамханасында өлтірді деп таралған ақпарат рас-өтірігін сұрады. Бұл хабарларды оқып, өтірік екенін айттым, сосын Салтанатқа хабарластым. Жауап бермеді.
Локациясын қарасам, телефон үйінде екен. Үйіне аттандым, Қуандыққа да, Бақытжанға да телефон соқтым. Жауап болмады. 
Үйіне келіп, жарық сөніп тұрғанын көрдім, есігін қақтым, ешкім жауап бермеді. Полицияға хабарласып, осындай хабар алғанымды және уайымдап тұрғанымды айттым. Олар маған бұл хабар шындық екенін және Салтанат өлгенін мәлім еді. Тез арада Гастроорталыққа келуім керегін айтты. Сенбедім, Гастроорталыққа такси жалдадым. Әкем хабарласты, ол да осы хабарды естіпті", - дейді Амангелді.


Сосын туыстары қоңырау соға бастаған. 

"Мен "Бау" мейрамханасына келдім, шеткі есігінен кірдім. Өткізбей қойды, Салтанаттың ағасымын дедім. Криминалистер жұмыс істеп жатыр, Салтанат өлтірілді деп хабарлады. Бишімбаев қайда деп сұрадым, оны әкетіп қалды деді. Әкеме хабарласу керегін түсіндім. 
Әкеме хабарласып, Салтанат өлтірілгенін айттым. Салтаны Қуандық өлтірді дедім. Шешем айғайлағанын естідім. Сосын тергеуші мені аудандық полиция бөліміне алып кетіп, жауап алды", - деді Амангелді.


Сот отырысының толық эфирін мына сілтемеден көре аласыз.

Айта кетейік, экс-министр Қуандық Бишімбаевқа "Кісі өлтіру" бабымен айып тағылған. Кейін бұл бап "Аса қатыгездікпен кісі өлтіру" бабына ауыстырылғаны белгілі болды. Кейінірек оған "Қинау" айыбы қоса тағылғаны анықталды.