17 мау, 2025 сағат 13:15

Сәкен Майғазиев не үшін қалың малға 5 млн бергенін айтты


Фото: ашық дереккөзден

Жақында тұңғыш баласын үйлендіріп, офлайн да ондайн той жасаған Сәкен Майғазиев келінінің қалыңмалы туралы айтты, деп хабарлады Ult.kz.

«Балам мен анасы Ақтауға бір-екі күн бұрын ұшып кеткен. Сол кезде конвертке салып, 5 млн теңге ала келіңіз деді. Басқа ешнәрседен хабарым жоқ. Өз басым қалыпты жағдай шығар деп қабылдадым. Ана сүті, өлі-тірісі деп жатады, конверттерінің сыртында сондай жазуы болады екен. Бұрын-соңды ондай жағдайға аса араласпағаннан кейін хабардар емес екенмін», - деп ағынан жарылған әнші біреуден асырып берген, аз берген, бақталастықпен жасаған ешнәрсесі жоқ екенін жеткізді.


Оның сөзінше қалыңмалды қалай бергенде де әңгіме болар еді.

«Меніңше, егер 5 млн теңгені қымбатсынып жатқан болса, одан аз берсем, жарымай не болды деп айтар еді. Одан көп берсем, әрине, олар солай жасайды деп тағы айтады. Ондай әңгіменің болары хақ. Айтатын адам да табылады. Оған қуана білу керек. Осы сәтте айтарым, бізге де 5 млн теңге қалыңмал келсін деп тілеймін. Одан артық ешнәрсе айтпаймын», - деді Сәкен Майғазиев.