
Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев тікелей эфир барысында британдық, оңтүстік-африкалық SARS-CoV-2 вирустары туралы айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Бақытжан Сағынтаев жаңа вирустың түрі «Ухань вирусына» мүлдем ұқсамайтынын айтты.
«Қазір таралып жатқан COVID-19 штамдарының түрі басқа. Былтырдан бері күресіп келе жатқан вирустан айырмашылығы бар. Егер репродуктив көрсеткішке қарасақ, ұлыбританиялық және оңтүстік-африкалық штамдарды көп адам жұқтыратынын және салдары ауыр екенін көруге болады. Таңертеңгі статистика бойынша 510 коронавирус жұқтыру жағдайы тіркелген, оның 417-сі симптомдары бар. Егер бұрын симптомсыз жұқтыру дерегі көп болса, қазір жағдай өзгерген», - деді Бақытжан Сағынтаев.
