25 мау, 2021 сағат 12:54

Сағынтаев: "1 млн 100 мың адам вакцина алуға тиесілі"


Алматы қаласында вакцина алуға жататын халықтың 37 пайызы коронавирусқа қарсы екпенің бірінші компонентін алды. Бұл туралы Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Вакцина салдыру бойынша бізде бүгінге дейін 403 мың адамға бірінші компонент егілді. Екі компонентін толық салғандар саны – 220 мың. Жалпы қалада 1 млн 950 мың халық тұрады деп алсақ, емханаларда тіркелгендер саны 2 млн 100 мың болады. Осының 1 млн 100 мыңын вакцина алуға тиесілі деп есептеп отырмыз. Сонда 403 мың адам немесе 37 пайызға дейін бірінші компонентпен қамтылды. Бізде 0 мен 18 жас аралығындағы 600 мыңдай бала бар. Оларға вакцина салуға болмайды. Оған қосымша вакцина салуға болмайтын себептері бар адамдардың санаты бар. Сонда екпе алуға тиіс 1,1 млн адамның 403 мыңын вакцинадан өткіздік», - деді әкім.