07 сәу, 2021 сағат 14:51

Сәдуақас Байғабылов «вакцинадан көз жұмған» перзентхана қызметкеріне қатысты пікір білдірді

Алматы қаласы Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Сәдуақас Байғабылов онлайн брифинг барысында WhatsApp мессенджерінде тарған №4 перзентхана қызметкері вакцинациядан кейін қайтыс болды деген видеоға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бұл дерек бойынша комиссия құрылды, кешенді тексеру жүргізілуде. Оған жан-жақты баға беретін сарапшылар тартылды. Комиссия жұмысының нәтижелері бойынша бұл іске объективті баға беріледі», - деп жауап берді спикер брифинг барысында. 

WhatsApp мессенджерінде тарған видеода №4 перзентхана қызметкері вакцинациядан кейін қайтыс болғаны туралы айтылады.