Фото: Qazaq Air баспасөз қызметі
Qazaq Air әуекомпаниясы 28 желтоқсан мен 2025 жылғы 27 қаңтар аралығында Астана - Екатеринбург бағыты бойынша әуе рейстерін орындауды уақытша тоқтатуға мәжбүр, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.
"Ресейге ұшу тәуекелдерін үнемі бағалау нәтижелерінің негізінде жолаушылар мен экипаж мүшелерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында рейстер тоқтатылды. Әуекомпания қазіргі уақытта Qazaq Air тәуекелдерін бағалау шарттарына сәйкес келетін Омбы мен Новосібірге рейстерді орындауды жалғастырады. Екатеринбургке әуе рейстерін қайта ашу – тәуекелдерді қайта бағалау қорытындылары бойынша жүзеге асырылатын болады", - делінген хабарламада.
Тоқтатылған рейстердің жолаушыларына әуебилеттерінің толық құнын қайтару қамтамасыз етіледі және әуекомпанияның баламалы рейстеріне тегін қайта брондау ұсынылады.