07 нау, 2025 сағат 11:18

Президент Жарлығымен бір топ азамат мемлекеттік наградамен марапатталды

Фото: BesMedia.kz

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен мемлекеттік және қоғамдық қызметке cіңірген еңбегі, елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына қосқан елеулі үлесі, сондай-ақ әскери және қызметтік борышын үлгілі атқарғаны үшін бір топ азамат мемлекеттік наградалармен марапатталды, деп хабарлайды Ult.kz.

Олардың қатарында:

  • - 4 еңбек ардагері;
  • - 19  жұмысшы маман мен кәсіпорын еңбеккерлері;
  • - 14 денсаулық сақтау, білім беру, ғылым және мәдениет саласының қызметкерлері;
  • - 6 кәсіпорын басшысы;
  • - 3 қоғамдық ұйым өкілі;
  • - 7 мемлекеттік қызметкер;
  • - 6 құқық қорғау, арнаулы және бақылаушы органдарда, әскер қатарында еңбек ететін қызметкерлер бар.