22 мау, 2021 сағат 20:40

Президент Алматы фонтанында әйел мен балаларды құтқарған студентті марапаттады


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыдағы субұрқақтардың бірінде тоқ соғып, зардап шеккен әйел мен екі баланы құтқарған қазақстандық студенті Құрмет грамотасымен марапаттады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Мемлекет басшысы адамдардың өміріне қатер төнгенде көрсеткен асқан ержүректігі мен батылдығы үшін Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің 2-курс студенті Абылай Балапановты Құрмет грамотасымен марапаттады», - деп жазды ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли желідегі парақшасында.

Абылай Балапанов өткен демалыс күндері Алматы қаласындағы субұрқақтардың бірінде тоқ соғып, зардап шеккен әйел мен екі баланы құтқарып қалған.

Еске салайық, 19 маусымда Абылай Балапанов Алматы қаласындағы субұрқақтардың бірінде тоқ соғып, зардап шеккен әйел мен екі баланы құтқарып қалған еді.