23 сәу, 2025 сағат 11:22

«Пойызда босанған әйел сәбиін терезеден лақтырып жіберген»: полиция тергеу бастады

Фото: Freepik

Жантүршігерлік оқиға «Қызылорда-Астана» бағытындағы пойызда болған. Көлік полиция департаменті аталған дерек бойынша іс қозғалғанын айтты.

«Аталған факті бойынша тергеп-тексеру жүргізілуде. Соның шеңберінде тиісті процессуалдық шешім қабылданатын болады. Оқиғаның мән-жайы анықталуда», - дейді ведомство.


«Қазақстан темір жолы» оқиға «Жолаушылар тасымалы» АҚ басқаратын пойызда болмағанын алға тартты. «Қызылорда-Астана» бағытында үш жеке тасымалдаушы қызмет көрсетеді, дейді компания.