#
#
Сейсенбі 02/03/2021

Петропавлдағы жарылыста кімдердің қаза тапқаны анықталды

  • 22.02.2021
  • 0
  • 205

Петропавлда болған жарылыста кімдердің зардап шегіп, қаза тапқанын полицейлер жария етті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, газ баллоны Петропавлдағы 5 қабатты жатақхананың бірінші қабатында орналасқан «Қара жорға» дәмханасында жарылған. Жарылыс болған кезде дәмханада оны жалға алушы жігіт, 3 жұмысшы және 4 келуші, ал көрші орналасқан «Версаль» шаштаразында 4 адам болған. Жарылыстың арты өртке ұласып, салдарынан дәмхана ғана емес, жапсарлас үй-жай және жатақхананың көрші бөлмелері зақымданды. 

Газ баллонының жарылуынан дәмхананың 1999 жылғы жұмысшысы мерт болды. Оның денесі өрт сөндірілгеннен кейін үйіндінің астынан шығарылды. Ал дәмхананы жалға алған 1996 жылы туған ер адам Петропавлдағы қалалық көпбейінді ауруханада алған күйіктен қайтыс болды. 

Жедел-тергеу тобы оқиға орнынан, «Қара жорға» дәмханасының ас үйі болған жерден жарылған 25 литрлік газ баллонын, газ плитасының шлангісін және екі комфоркасын тапты. 

ПД бастығы Марат Төлебаевтың айтуынша, осы іс бойынша бірқатар тиісті сараптамалар тағайындалды. Соның ішінде өрт-техникалық СҚО сараптама да бар. Қылмыстық істің тергелу барысы облыстың бас полицейі мен прокурорының бақылауында болады.

Естеріңізге салайық, 21 ақпан күні Петропавлдағы 5 қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатында орналасқан дәмханада газ баллоны жарылып, екі адам қаза тапты. 

Осы оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды. 

Сондай-ақ зардап шеккендердің үшеуінің жағдайы ауыр екені хабарланды. 

СҚО әкімі жарылыстан зардап шеккен пәтер иелеріне көмек көрсетілетінін айтты. 

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар