#
#
Жексенбі 11/04/2021

Петропавлда белгісіз ер адам 19 жастағы бойжеткенге үйдің подъезінде шабуыл жасады

  • 07.04.2021
  • 0
  • 98

Петропавлда белгісіз ер адам 19 жастағы бойжеткенге үйдің подъезінде шабуыл жасап, пышақпен қорқытып, зорламақ болды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Петропавл қалалық полиция басқармасының мәліметінше, 5 сәуір күні полицияға облыс орталығының 19 жастағы тұрғыны арызданды. Бойжеткеннің айтуынша, оған сағат 20.00 шамасында үйінің подъезінде белгісіз ер адам пышақпен қорқытып, шабуылдаған. 

«Қыз алысып, көмекке шақырған. Оның даусына көршісі шығып, бойжеткенді құтқарып қалды. Ал ер адам оқиға орнынан қашып кетті. Осы дерекке қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазіргі уақытта күдіктіні анықтап, ұстау мақсатында тиісті жедел-тергеу шаралары қолға алынды», - делінген хабарламада. 

Бұл жайында Петропавл тұрғындарын ескерткен жазба мессенджерлерде тарады. Күдіктінің бейнесі бейнекамераға түсіп қалған екен. 

«Менің құрбымның туысы, бірінші курс студенті. Алайда 7-8 сынып оқушысы сияқты көрінеді, жасөспірім қыздар сияқты киінеді. Ер адам оның подъезге кіруін күтіп, пәтер есігін кілтпен аша бастағанда шабуылдаған. Тамағына пышақ тақап, шешіндірмек болған. Қыз қарсыласып, айғайлап көмекке шақырған. Көршісі шығып, құтқарып қалды. 

Осы жазбаны таратыңыздар, балаларын байқасын, подъезде аңдып тұрып шабуылдайды», - делінген жазбада.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться
БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар