
Павлодар қаласының полициясына Құдайбердиев көшесінде жігіт үйдің төбесінен секірмек болғаны туралы хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, оқиға орнына дереу автопатрульдер мен жедел тергеу тобы жіберілді.
- Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Азамат Мұстафин мен Әсет Тамешев жас жігіттің карниздің шетінде тұрғанын анықтады. Тәртіп сақшыларының сөзіне құлақ аспаған. Инспекторлар кәсіби түрде әрекет етті, олар үшін ең бастысы жігітті ойланбай жасалған қадамнан көндіру болды, - деді Павлодар қаласы патрульдік полиция батальонының командирі Ренат Шарипов.
Жігіт полицейлердің сөзін тыңдамаған және қарсылық танытқан. Бірақ ұзақ келіссөздерден кейін полицейлер павлодарлықты құтқарып қалды.
Инспекторлармен әңгімелесу барысында ол өзінің жеке өміріндегі проблемаларға байланысты осындай қадамға барғанын айтты.
- Біз онымен 20 минут сөйлестік, бірақ сол сәтте мен үшін әр минут шексіз болып көрінді. Бұл көз алдыңызда болған кезде жағдайды жүрегіңізге жақын қабылдамау мүмкін емес. Мен оған ешкімі жоқ жетім балалар туралы айта бастадым, ал ол болса, отбасылық жанжалға бола өмірімен қош айтыспақ болған. Өйткені, өмірдегі ең басты байлық - отбасы. Ол карниздің шетінен алыстай бастады және оны бұл әрекетке не итермелегені туралы айтты. Кейін телефон сұрап, ағасына қоңырау шалды. Ол өзі үшін дұрыс қорытынды шығарып, барлығын отбасымен бірге шешеді деп үміттенемін, - деді Әсет Тамешев.
Полиция жігіттің ата-анасымен бірге үйіне кеткенін хабарлады.
