Жазатайым оқиға бүгін таңертең Павлодар қаласында болған. Қатты дауыл салдарынан ауладағы ағаш құлап, 67 жастағы әйелді басып қалған. Ауыр жарақатынан ол сол жерде көз жұмды.
«Жедел жәрдем бригадасы оқиға орнына 6 минутта жетті. Әйелдің екі аяғы, көкірек тұсы, жамбас сүйектері, омыртқасы сынған, ішкі ағзалары жарақаттанған, 3-4-дәрежедегі жарақат шогын алған. 1957 жылғы әйел алған жарақаты салдарынан көз жұмды», - деп хабарлады өңірлік жедел жәрдем стансасынан.
Павлодар облысы аумағында екпіні 30 метрге дейін жететін дауыл соғып тұр.