#
#
Жексенбі 18/04/2021

Павлодар облысында жолаушылар толы автобус өртенді

  • 08.04.2021
  • 0
  • 177

Павлодар облысында жолаушылар толы автобус өртенді. Оқиға орнында Павлодар қаласы ТЖБ және өрт зертханасы жұмыс істеуде, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, Павлодар – Ленин кенті тас жолында № 38 маркалы МАЗ автобусынан өрт шыққан. 

- Көлік № 1 автобус паркіне тиесілі. Жалын 15 шаршы метр алаңды қамтыған. Өрт туралы хабарлама сағат 08.49-да тіркеліп, сағат 09.07-де толықтай сөндірілді, - дейді ведомствода.

Көлікте болған 40 адам өздігінен сыртқа шыққан. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Тілсіз жаудың шығу себебі мен келтірілген шығын көлемі анықталуда. 

Өртті сөндіруге АҚЖ және өрт сөндіру қызметінен екі техника мен тоғыз адам жұмылдырылды.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар