Сурет: ашық дереккөз
Павлодар облысы Ертіс аулының 21 жастағы кіші полиция сержанты 29 маусым күні түскі үзіліс кезінде үйіне келе жатып, өзіне қол жұмсау туралы хат қалдырып, «Макаров» тапаншасымен басынан оқ атқан, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Malim.kz сайтына сілтеме жасап.
Бұл ақпарат әлеуметтік желілерде тарады.
Артынан бұл деректі облыстың полиция департаменті растады. Қазір оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталып жатыр. Ал полиция қызметкерінің өзі жан сақтау бөлімінде.