#
#
Сенбі 17/04/2021

Пандемия салдарынан елорданың ірі мәдени ошақтары шығынға батты

  • 24.02.2021
  • 0
  • 167

«Astana Venue Management» ЖШС-ның бас директоры Мәлік Хасенов елордадағы мәдени нысандардың 2020 жылғы шығыстарына қатысты нақты деректермен бөлісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Егер әр нысанға қатысты нақты айтар болсақ, Тәуелсіздік сарайының аумағы 38 мың шаршы метрді құрайды. Жөндеу жұмыстары, ғимарат тамаша. 2020 жылғы кірісі 29 млн, ал шығысы 467 млн теңгені құрады. Коммерциялық өсім тұрғысынан алып қарайтын болсақ, жалға 8 мың шаршы метрді беруге болар еді. Қазіргі уақытта оның 300 шаршы метрі жалға берілгенімен 100 шаршы метрі қайтарымсыз негізде ұсынылып отыр», - деді ол Нұр-Сұлтан қалалық мәслихатының әлеуметтік-мәдени даму мәселелері жөніндегі комиссиясының отырысында. 

Оның дерегінше, өткен жылы елордадағы Бейбітшілік пен келісім сарайы да мол шығынға батқан. 

«Бейбітшілік пен келісім сарайы немесе Пирамиданы алар болсақ, 2020 жылғы кірісі 4 млн теңгені ғана құрады. Ал шығысы – 465 млн теңге. Коммерциялық алаңы – 5,5 мың шаршы метр. Оның 4,6 мың шаршы метрі жалға берілгенімен 4 550 шаршы метрі тегін пайдаланылып отыр. Нысандардың ішінде «Астана-Бәйтерек» пандемия салдарынан үлкен зиян шекті. Өйткені, «Бәйтерек» 2007 жылдан бері өзін-өзі қаржыландырып келген болатын. Ал 2020 жылдың қорытындысында пандемия режимі салдарынан нысан жұмысы тоқтап қалды», - деді спикер. 

ЖШС басшысының айтуынша, аталған үш нысанның қызметіне қатысты сенімді басқаруға берілген мәдени ошақтарды дамыту стратегиясы әзірленген. 

«Бұл тұжырымдама қала әкіміне таныстырылып, қолдау тапты. Сонымен бірге ел басшылығына да таныстырылды. Бұл ретте бірқатар саяси шешім қажет. Сондықтан біз толық қолдауға ие болдық», - деді М.Хасенов.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар