16 ақп, 2021 сағат 18:24

Оралда жастар төбелесінен кейін тағы 1 адам көз жұмды

Оралда жастар төбелесінен кейін тағы бір адам көз жұмды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Бұдан бұрын жазғанымыздай, 6 ақпан күні жастар төбелесіп, біреуі қаза тапқан болатын. 

Тағы екі адам облыстық ауруханаға жатқызылған еді. 

БҚО полиция департаментінің ресми өкілі Болатбек Белгібековтің мәлім еткеніндей, соның бірі, 1988 жылғы тұрғын кеше ауруханада қайтыс болды. 

«Бастапқыда оқиға бойынша ҚР ҚК 99-бабы 1-бөлігіне (адам өлтіру) сәйкес қылмыстық іс қозғалған болатын. Енді ол қайта дәрежеленіп, ҚР ҚК 99-бабы 2-бөлігіне (екі немесе одан көп адамды өлтіру) сәйкес тергеу амалдары жүргізілуде», деді Белгібеков.